Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Түркі әлемінің ортақ әліпбиі комиссиясы 34 әріптен тұратын үлгі ұсынды

80

9-11 қыркүйек күндері Әзербайжан астанасында Түркі әлемі ортақ әліпбиі комиссиясының үшінші отырысы өтті. Бұл туралы Халықаралық Түркі академиясы хабарлады.

Жиынның негізгі мақсаты – екі жылдық бірлескен жұмыс нәтижесінде жинақталған білім мен тәжірибені пайдаланып, түркі тілдеріне ортақ әліпби үлгісін әзірлеу болған.

«Ғалымдар 1991 жылы ұсынылған латын қаріпі негізіндегі «Ортақ түркі әліпбиі» жобасын жан-жақты қарастырды. Комиссия мүшелері аталған жобаны жетілдіре түсуді көздейтін ұсыныстарды талқылап, қажетті қорытындылар жасады. Осы қажырлы жұмыстың нәтижесінде 34 әріптен тұратын ортақ түркі әліпби үлгісі туралы ұсыныс бойынша келісімге қол жеткізілді», - деп жазылған академия хабарламасында.

Әр әріп түркі тілдерінде кездесетін әртүрлі фонетикалық дыбысты білдіреді. «Бұл басқосудың осылайша табысты аяқталуын тарихи сәт ретінде бағалауға болады. Ортақ түркі әліпбиі бағытындағы жұмыстардың ілгерлеуі түркі халықтарының тілдік мұраларын сақтап, өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайта түсуге ықпал етеді. Барлық тиісті мекеме ұсынылып отырған ортақ түркі әліпбиі үлгісін жүзеге асыруға белсенді қолдау көрсетуге шақырылады», - дейді Халықаралық Түркі академиясы.