Munarmedia.kz | 19.08.2026 | ASTANA— Түркі әлемінің Археологиялық зерттеу институттары мен орталықтары одағының (ARICA) мүшелері бірлескен ғылыми зерттеулерді жандандырып, археологиялық нысандардың бірыңғай цифрлық базасын құру туралы келісімге келді.
Бұл шешім ұйымның Венгрияның Бугац қаласында өткен үшінші кездесуінде қабылданды. Жиынға түркі мемлекеттеріндегі археологиялық мекемелердің басшылары қатысты.
ARICA 2023 жылы Түркі академиясының бастамасымен құрылған. Халықаралық ғылыми желіге Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және Татарстанның ғылыми-зерттеу орталықтары кіреді.
Ұйым құрылғаннан бергі үш жыл ішінде түркі әлеміндегі археологиялық зерттеулерді үйлестіретін халықаралық ғылыми платформаға айналды. Оның аясында ортақ ғылыми жобаларды жүзеге асыру, тарихи-мәдени мұраны зерттеу және археологиялық деректер алмасу бағытындағы жұмыстар жүргізілуде.
Бірыңғай цифрлық базаның құрылуы түркі мемлекеттеріндегі археологиялық нысандар туралы ақпаратты жүйелеуге, ғылыми деректерді ортақ пайдалануға және тарихи-мәдени мұраны зерттеу мен сақтаудың жаңа мүмкіндіктерін қалыптастыруға жол ашпақ.
#MunarmediaKz #ASTANA #Қазақстан #ТүркіӘлемі #Археология #ARICA #ТүркіАкадемиясы #Тарих #МәдениМұра #Цифрландыру