Түркістан облысында әкесін ұрып-соққан азаматқа сот үкімі шықты.

104

Munarmedia.kz. 18.01.2026 /Астана/ – Жетісай аудандық сотында өз әкесін ұрып, азаптаған Алмас Садақбаевқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот оны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Азаптау» және «Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру» баптары бойынша кінәлі деп таныды. Сот үкімімен Алмас Садақбаев 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде оның кінәсін толық мойындауы және жасаған ісіне шын жүректен өкінуі ескерілді.