Munarmedia.kz 20.01.2025 /Астана/-Түркістан облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 32 жастағы блогер әйелді ұстады.
Полицияның алдын ала мәліметінше, күдікті өзін қоғам белсендісі ретінде таныстырып, Келес ауданындағы медициналық мекеме басшысынан әлеуметтік желілерде беделіне нұқсан келтіретін материалдарды таратпау үшін 1 миллион теңге көлемінде ақша талап еткен.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іске қатысты заттай дәлелдер тәркіленді. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.