Түркістан облысындағы қайғылы өрт: прокуратура қаза тапқандар мен зардап шеккендердің аты-жөнін жариялады

47

Munarmedia.kz 18.11.2025 / Астана /-Түркістан облысының Жетісай ауданына қарасты Алғабас ауылында 18 қараша күні таңсәріде жеке тұрғын үйден шыққан алапат өрт 360 шаршы метр аумақты шарпыды. Ресми мәліметке сәйкес, өрт салдарынан 12 адам көз жұмды.

Полицияның хабарлауынша, оқиға алдында отбасы сүндет той өткізген. Әуелі мереке мейрамханада өтіп, кейін туыстар бас қосып, шараны үйде жалғастырған.

Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқан кәмелетке толмағандар – бір үлкен әулеттің балалары, олардың әкелері — туған бауырлар.

Жалпы 12 адам қаза тауып, тағы үш адам ауыр жарақатпен аман қалған. Дәрігерлер олардың өмірі үшін күресіп жатыр.

Қайғылы оқиғаға байланысты өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.