Түрік билігі мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деп айыптаған Гүленнің қайтыс болғаны туралы хабарлады.
Hurriyet басылымының мәліметінше, Түркияда лаңкестік деп танылған FETÖ ұйымының негізін қалаушы, уағызшы Фетхуллах Гүлен қайтыс болды.
Гүлен Америка Құрама Штаттарының Пенсильвания штатында тұрып жатқан еді. Түрік басылымының мәліметінше, соңғы жылдары уағызшының денсаулығы күрт нашарлаған.
«Бүйрек жеткіліксіздігі мен қант диабетінен басқа, оған деменция диагнозы қойылған. Оның жағдайы күрт нашарлай бастады», — деп жазады Hurriyet.
Басылымның айтуынша, Еуропа мен Америкадағы FETÖ ұйымының ішінде көшбасшылық үшін күрес басталған.
Түрік билігі Фетхуллах Гүленнің ұйымын ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндірді және мемлекеттік төңкеріс жасауға талпынды деп айыптайды. FETÖ 2016 жылғы 15 шілдеде сәтсіз аяқталған төңкерісті ұйымдастырғаны үшін жауапты деп саналады.