Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Түркияда ЛГБТ насихаты үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі

34


Түркияның Әділет министрлігі «Сот реформасының 10-пакеті» деп аталатын жаңа заң жобасын әзірлеуде. Бұл пакет ЛГБТ насихатына заңды түрде тыйым салуды көздейтін бірқатар бастамаларды қамтиды.

Ең көп талқыланған ұсыныстардың бірі – ЛГБТ насихатын жеке қылмыс ретінде тану. Жаңа заң бойынша, қоғамда жалпыға ортақ моральдық нормаларға қайшы әрекеттер, соның ішінде ЛГБТ идеясын дәріптеу, қолдау немесе насихаттау үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соғуы мүмкін.

Айта кету керек, Түркияда біржынысты некеге рұқсат етілмеген. Заң жобасында біржынысты жұптардың неке қию немесе құдалық рәсімдерін өткізуіне қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Сондай-ақ, жыныс ауыстыру операцияларына рұқсат беру жасы 18-ден 21-ге дейін ұлғайтылмақ.

Бұған қоса, жыныс ауыстыруға медициналық қорытындыны тек аккредиттелген емханалар бере алады, және пациенттің репродуктивті қабілетсіздігі туралы міндетті бағалау жүргізіледі.

🔗 Ақпарат көзі: YeniŞafak