2024 жылы Қазақстанда болған есте қаларлық 2-3 оқиғаны айтыңыз” деген сұрақта (10,8%), АЭС референдумы (10,4%) және Талғардағы Шерзат Полаттың қазасы (7,8%) салыстырмалы түрде жиі аталған.
Бюроның зерттеуінше, қазақстандықтарды көбіне төмен жалақы (37,6%), қымбатшылық (28,3%) және жемқорлық (26,8%) алаңдатады.
“DEMOSCOPE сауалнамасы қазақстандықтар өмірдің негізгі салаларына да көңілі толмайтынын анықтады. Ең көп сынға қалғандары: экология (54%), экономика (46,5%) және азаматтардың өмір сүру деңгейі (43,3%). Сонымен қатар келесі салаларға да теріс баға берілді: жұмыспен қамту (32,9%), денсаулық сақтау (31,4%), құқық тәртібі мен қауіпсіздік (26,6%), білім беру (26,3%), саяси және азаматтық еркіндік (20%)” дейді зерттеу авторлары.
Олардың сөзінше, 2023 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда “динамикадағы деректер барлық бағыттар бойынша орташа 8%-ке нашарлағанын көрсетеді”.
“DEMOSCOPE зерттеуі мемлекеттік шешімдерді қазақстандықтардың көп бөлігі қолдамайтыны әлеуметтің көңілі толмайтынын көрсетеді. Бұл факторлар болашақта наразылық көңіл-күйінің артуына және әлеуметтік тұрақсыздыққа әкелуі мүмкін” деп түйіндейді зерттеу авторлары.