«Үй жалдаймын» деп, Ұлыбритания премьерінің үйін жалдап қоя жаздады

48


Интернетте көрген нәрсенің бәріне сене беруге болмайтынын британдық тұтынушылар ұйымы тағы бір рет дәлелдеді.

Which? зерттеушілері Booking.com платформасында Лондондағы Ұлыбритания премьер-министрінің ресми резиденциясы — 10 Downing Street ғимаратын кәдімгі пәтер ретінде жариялап, тіпті бір апталық бронь жасауға қол жеткізген.

Ең сорақысы — платформа төлемді қабылдаған. Зерттеушілердің айтуынша, алты апта өткеннен кейін де ақша қайтарылмаған. Жалған хабарландыруда тіпті «Ларри мысықпен уақыт өткізу» туралы жалған пікір қалдыруға мүмкіндік болған.

Яғни теория бойынша турист Лондонға барып, «менің үйім қайда?» десе, оған Ұлыбритания үкіметінің есігін көрсетуі мүмкін болған.

Бұл оқиға онлайн бронь жасайтындарға жақсы сабақ.

Кеңес:

  • бронь жасамас бұрын нысанның мекенжайын басқа дереккөзден тексеріңіз;
  • тым арзан немесе «керемет ұсыныстарға» сақ болыңыз;
  • төлем жасалғанын растайтын құжаттарды сақтаңыз;
  • күмәнді жағдайда платформаға бірден хабарласыңыз;
  • карта арқылы төлем жасасаңыз, операция туралы түбіртекті өшірмеңіз.

Интернетте алаяқтар технологияны жақсы меңгерген. Сондықтан тұтынушы да «келесі» батырмасын басар алдында екі минут ойланып үйренуі керек.

#құқық #кеңес #алаяқтық #онлайнсауда #Booking #қауіпсіздік #тұтынушықұқығы