Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Украина, Газа, экономика: Байден мен Трамп не айтты?

26
Пікірсайыстан кейін саяси технологтардың басым бөлігі Трамптың басым түскенін, ал Байденнің осал болғанын жазуда. Саяси сараптамасымен танымал Atlantic журналы «Джо Байден үшін нағыз катастрофа» деген тақырыппен мақала жарық көрді. Мақалада Байденнің пікірсайыста тым осал болғаны айтылды. Politico басылымы «Байден пікірсайыста әлсіз көрінді» деген ойды айтты. Бұл туралы басылым Байденнің жақтастарының пікірін ала отырып, қорытынды жасаған болатын. New York Times танымал колумнист Николас Кристофтың пікірін басып шықты. Онда ол Байденді сайлауға түсуден бас тартып, саяси мансабын аяқтауға шақырған еді. Алайда тіпті саяси тұрғыдан бұл мүмкін болса да, кандидаттарды жылдам алмастыруды іске асыру оңай шаруа емес. Байденнің жасы 81-де, ал Трамптың жасы 78-де. Трамп үнемі Байденнің жасын айтып, оны саясатқа жарамсыз деп санайтынын айтумен келеді. 2020 жылы сайлауда жеңіліс тапқан Трамп осы күнге дейін сайлау нәтижесін мойындаған емес. Ол «сайлау нәтижесі бұрмаланды» деген негізде сотқа жүгінген болатын. Алайда сот оның арызын қанағаттандырмады. Трамп пікірсайыс барысында Хантер Байденге іс ашылғанын айтты. Жауап ретінде Байден Трамптың өзі сот шешімі бойынша бірнеше істе айыпты екенін мәлімдеді. Трамп АҚШ қоғамы үшін маңызды тақырып саналатын миграция тақырыбын көп қозғауға тырысты. Ал Байден болса экономиканың өсімі жайлы айтып, жұмыссыздық азайғанын қарсы жауап ретінде қолданды. Кандидаттар халықаралық саясатты да қозғады. Негізгі тақырып ретінде Украинадағы соғыс және Газадағы қарулы қақтығыс айтылды. Пікірсайысты жүргізушілер «Украинадағы соғысты тоқтату үшін кандидаттар Путиннің ұсынысын қабыл алуға дайын ба» деген сұраққа жауап берді. Байден Путиннің ұсынысын қабыл алу мүмкін еместігін, оның Украинамен тоқтамайтынын, Польша мен НАТО-ның өзге елдеріне агрессияға көшетінін айтты. Трамп Путиннің Украинаны басып алуды армандайтынын өзіне бірнеше мәрте айтқанын айтты. Алайда Путиннің агрессиясына Байденді кінәлады, себебі Байден Ауғанстаннан АҚШ әскерін әкету арқылы Ресей агрессиясына жанама себепкер болды дейді. Трамп Путиннің ұсынысын қабыл алмайтынын, дегенмен соғысты жылдам аяқтайтынын мәлімдеді. Трамп Байденнің Палестинаны жақтайтынын айтып, Израильге Газада бастаған ісін аяқтау керектігін меңзеді. Трамп Израильге көбірек қару беріп, оны қолдауға шақырды. Байдан «үлкен соғыстың алдын алу маңызды» дегенді жауап ретінде қайтарды. Сарапшылар пікірсайыстан кейін Трамптың рейтингі жоғарылып, Байдендікі төмендейтінін айтуда. Mezgil.kz