Украина, Ресей және АҚШ арасындағы кезекті бейбіт келіссөздер Біріккен Араб Әмірліктерінде өтеді.

15

Munarmedia.kz 23.01.2026 /Астана/-Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский Давоста АҚШ президенті Дональд Трамппен өткен кездесуден кейін мәлімдеді. DW басылымының жазуынша, алғашқы үшжақты келіссөздер жұма және сенбі күндері Абу-Дабиде өтуі тиіс.

Ресей тарапы да келіссөздерге қатысатынын растады. Ресей атынан кездесуге Қорғаныс министрлігінің басшылары қатысады.

Зеленскийдің айтуынша, Әмірліктерде аумақтық мәселелер де талқылануы мүмкін, себебі бұл мәселе әлі күнге дейін толық шешімін таппаған.