Munarmedia 27.01.2026 /Астана/ ҚР ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі медициналық бұйымдардың отандық өндірісі ретінде көрсетілген ірі көлемдегі жалған схеманы әшкерелеп, жолын кесті.
«OrdaMed» АҚ басшылығы Қазақстан аумағында өз өндірісі бар екені туралы жалған құжаттарды пайдалана отырып, халықтың денсаулығы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін аса маңызды 28 түрлі медициналық жабдықты мемлекеттік емдеу мекемелеріне жеңілдетілген тәртіппен жеткізуге заңсыз преференциялар алған. Алайда іс жүзінде дайын медициналық жабдықтар шетелден әкелінген», – делінген ҰҚК хабарламасында.
Нәтижесінде мемлекетке 4,5 миллиард теңге көлемінде залал келтірілген.
Тінту шаралары барысында «OrdaMed» АҚ басшылығының қолынан жалпы құны 1 миллиард теңгеден асатын инвестициялық монеталар тәркіленді, сондай-ақ «Interdentica», «Erkin Brand» және «OrdaMed» компанияларындағы қатысу үлестеріне тыйым салынды.
Сот санкциясымен «OrdaMed» АҚ-ның техникалық директоры, басқарма төрағасының бұрынғы төрағасы және өндірістік басқарма басшысы қамауға алынды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.