Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Ұлытауда ақын Тайжан Қалмағамбетовке арналған дәстүрлі ән кеші мәресіне жетті

114

 Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында өткен ақын Тайжан Қалмағамбетовке арналған IV-республикалық дәстүрлі әншілер байқауы өз мәресіне жетті.

Алдында жариялағанымыздай байқауға Қазақстанның түкпір-түкіпірінен дәстүрлі әнді дәріптеп жүрген өнерпаздар мен қайраткерлерде қатысты. Сәтбаев қаласының әкімі өз сөзінде "Қазақтың қасиетті өнері қашанда жастар жадында сақталуы керек. Сондықтан да сонау ықылым заманнан бері қазақтың болмысын  насихаттап жүрген ұлын өнерді жалғастыру біздің басты парызымыз. Сондықтан да жерлесіміз қайраткер ағамыз Тайжан ақын Қалмағамбетовтың басқа да біздің елден өсіп, өніп, ұлт мұрасын қлықтап жүрген ұлыларымызды насихаттау жұмыстарын жалғастыратын боламыз" деді.

Ал жас өнерпаздардың Тайжан ақынның өлеңдері мен Үкілі Ыбырай, Нартай сынды аты аңызға айналған хас шеберлердің орындалу барысын бағалаған әділ қазылар алқасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Парасат", "Құрмет" ордендерінің иегері, батыстың бұлбұл әншісі Хатимолла Бердіғалиев, Қазақстанның  еңбек сіңірген әртісі Ғалым Мұхамедин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, өнер майталмандары Қошан Мұстафа, Жақсыкелді Кемалов, Ақмарал Ноғайбаева, Аманшелді Күзеубай, Шолпан Даржан, С.Оспанов, Д.Алдажанова сынды  әділ қазылар алқасы шын таланттарды тани білді. Ең қуантарлығы өнер сайысын көруге және қолдау білдіруге келген сәтбаевтықтардың қарасы көп болды. 


Кәсіби өнер қайраткерлерінен құрылған қазылар алқасы әр сайысқа қатысушыға лайық бағасын беріп, әділ бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша Түркістандық Сағындық Аружан бас жүлде, ұлытаулық Мақсұтов Мадияр 1-орын, алматылық Өмірғали Мадияр, оралдық Бұлғанбаев Кенесары 3-орын, Дәулетбек Ақжігіт, Серғазина Ақниет, Аманғазин Сәулет арнайы жүлденің иегерлері атанды. 

Барлық қатысушылар қаржылай сыйлықпен және дипломдармен марапатталды.


Ұлт өнерін насихаттап, өскелең ұрпаққа өнеге ретінде насихаттауға үлес қосқан Ұлытау облысының мәдениет және құжаттама, архив істері басқармасына, Сәтбаев қаласының әкіміне және мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне алғысымыз шексіз. 

Ұлт батырлары туын тіккен ұлы ордада, ұл өнерінің туы қашанда биік боларына сеніміміз кәміл.

Асылбек Байжұмаұлы, Астана-Жезқазған-Сәтбаев сапарынан