Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Ұлытауда ұлылар әні шырқалды

73


«Мәдениетті қолдау» жылын жариялағанына 25 жыл толуына орай, Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында IV- республикалық «Ұлытаудан қанат қаққан ақын Тайжан» атты қазақ мәдениетінің дамуына сүбелі үлес қосқан, Сарыарқаның саңлақ ақыны Тайжан Қалмағамбетовтың құрметіне арналған байқау өтуде.



 Байқаудың өтуіне мұрындық болған Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласының әкімдігі, «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

 Қазақтың ән өнерінң тарихы, ол тарихты қалыптастырған тұлғалар заманында небір қиындықтарды бастарынан өткерді.

 Кеңестік кесір заманының кесапаты қазақ мәдениетін қалыптастыруға үлес қосқан қаншама қайраткерлерімізді құрбандыққа шалды. Солардың қатарында 1937-1938 жылғы зұлматты жазықсыз жапа шеккен Тайжан Қалмағамбетов.

Көзінің тірісінде ел аралап, қазақтың қасиетті өнерін насихаттап, мол мұра қалдырған Тайжан ақынның ұлттық өнеріміздің дамуына қосқан үлесі зор.


Сонымен ақпанның ақ боранымен қабаттасып, Қаныш атамыздың есімімен аталатын Сәтбаев қаласында  2025 жылдың 27-28 ақпан күндері Шынболат Ділдебаев атындағы байқау Кеншілер сарайында басталды. Байқауға Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Ұлытау, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда Қарағанды облыстары мен Астана, Алматы қалаларынан 18 өнерпаз қатысуда. Шын жүйріктерді таңдап, өнер сайысында әділ бағасын беретін қазылар алқасы, Тайжан Қалмағамбетовке арналған республикалық байқаудың негізін қалаушы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Тайжантанушы Ғалым Мұхамедин, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, оралдық атақты әнші Хатимоллла Бердіғалиев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Қазақ», «Шалқар» радиоларының редакторы, «Құрмет» орденінің иегері, жыршы, термеші, астаналық Қошан Мұстафаұлы, Тәттімбет атындағы өнер колледжінің ұстазы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші, қарағандылық Жақсыкелді Кемалов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, өнертанушы, Ұлытаулық Серік Оспанов, Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясының доценті, ҚР Мәдениет саласының үздігі, PhD доктор, алматылық  Күзеубай Амангелді, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Республикалық ақын, жыраулар одағының мүшесі, қызылордалық әнші Ақмарал Ноғайбаева, ҚР Мәдениет салысының үздігі, ҚР «Ерең еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері, Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының доценті, дәстүрлі музыкалық өнер кафедрасының меңгерушісі Шолпан Даржан, ҚР мәдениет саласының үздігі, мәдениет майталманы, Халықаралық Махамбет атындағы сыйлықтың иегері, дәстүрлі әнші Дәрігүл Алдажанова қазылық етеді. Сонымен қатар Тайжан әндері кешінің құрметті қонағы ретінде Қарағандыдағы Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің «Арқа сазы» ансамбілінің көркемдік жетекшісі, «Мәдениет қайраткері» Садуақасов Байғара Хамзеұлы, «Бала Тайжан» атанған әнші Байжантаев Бағдат Тілеуұлы қатысты. Салтанатты шараға Сәтбаев қаласының әкімі Мұрат Ербол Бөрібаев, Ұлытау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Мағжан Еренгайыпұлы Табылдин, Қазылар алқасының төрағасы, ҚР еңбек сіңірген әртісі, тайжантанушы, Республикалық Тайжан Қалмағамбетовке арналған байқаудың негізін қалаушы Ғалым Мұхамедин  құттықтап сөз сөйледі. 

Жыр додасы елімізге танымал әншілер Мұқышев Ардақ, Абуев Қайрат, Мұханбетжан Толқынай, Сыздықов Жандос, Барақбай Бексұлтан, Әділет Тұрлығожаевтың орындауында қазақтың дәстүрлі мен Тайжан ақын әндері шырқалды.

Сонымен Сәтбаев қаласында қазақтың қасиетті дәстүрлі әндері шырқалып жатыр. Кіл мықты жастардың арасынан үздігін таңдау қазылар алқасына таңдап алу оңай болмасы анық.

 Дегенмен де осынау қасиетті қара нардай дәстүрлі әндерімізге жастардың қызығушылық танытып, орындауының өзі қуантарлық жағдай. Мұны әділ қазылар алқасының мүшелері де қазіргі таңда қалыптасып жатқан қазақ мәдениетінің түптамыры дәстүрлі әнді жастарымыздың құбылта орындап жүргенін мақтанышпен айтып отыр.

Сонымен «таяқ жерге тасталды, аламан бәйгі басталды» демекші, өнерпаз жастарымызға сәттілік тілей отырып, ертеңгі қорытынды концертте үздік шығатындарды асыға күтудеміз.

 

Асылбек Байжұмаұлы

Ұлытау-Сәтбаев қаласы.