Munarmedia.kz 19.01.2026 /Астана/-Әлеуметтік желілерде Венесуэла оппозициясының өкілі Мария Корина Мачадо АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа өзінің Нобель бейбітшілік медалін табыстап тұрған сәт бейнеленген фото кеңінен тарады.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, Дональд Трамп Мачадоның бұл қадамын жоғары бағалап, медальді өзінде қалдыруға ниетті екенін білдірген.
Алайда Норвегия Нобель комитеті Нобель бейбітшілік сыйлығын жоюға, бөлісуге немесе басқа тұлғаға ресми түрде беруге болмайтынын мәлімдеді. Дегенмен комитет өкілдерінің айтуынша, сыйлықтың өзі емес, тек медаль ғана иесін ауыстыруы мүмкін.