АҚШ-тың халықаралық сауда бойынша федералдық соты Дональд Трамп енгізген басқа елдерден импортқа тарифтер заңға қайшы екенін мәлімдеді. Бұл туралы Exclusive.kz порталы DW агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.
Сот 28 мамырда шығарған шешімінде, Трамптың тарифтерді енгізу кезінде негіз ретінде пайдаланған Халықаралық төтенше экономикалық өкілеттіктер туралы заң (IEEPA) президентке осы салада «шексіз өкілеттік» бермейтінін атап өтті. Көп жағдайларда мұндай шешімді АҚШ Конгресі қабылдауы тиіс. Ал президент тек «ерекше және төтенше қауіп» болған жағдайда ғана тәуелсіз әрекет етуге құқылы, бірақ сот бұл жағдайда ондай қауіптің жоқ екенін анықтады.
Трамп әкімшілігі сот шешіміне дереу қарсылық білдірді. Ендігі мәселені апелляциялық сот қарайтын болады.