Munarmedia.kz 19.06.2025 /Астана/-Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес агенттігінің (бұрынғы Қаржы полициясы) экс-төрағасы, бұрынғы Бас прокурор және экс-сенатор Қайрат Қожамжаровтың бұрынғы қоластындағылары – атышулы «Хоргос ісінің» басты фигуранттары Талғат Қайырбаев пен Бақыт Отарбаевты азаптағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Elmedia.
Сот мәліметінше, іс қайта қаралған кезде кейбір айыпталушылар бұрынғы мойындауларынан айнып, куәліктерін өзгерткен. Алғашқы тыңдалымдарда олар кінәсін мойындап, жәбірленушілерден кешірім сұраған еді. Дегенмен, сот материалдары олардың кінәсі толық дәлелденгенін көрсетті. Айыпталушылардың ішінде тек бұрынғы қаржы полициясының қызметкері Талғат Әбдрахманов өз ұстанымында қалды. Осыған байланысты Астана қаласы бойынша Сотқа дейінгі материалдарды ұсыну сотының төрайымы Айжан Күлбаева оған 4 жыл бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Ал оның әріптесі Қасым Әбубәкіров пен Астана қаласы ҚАЖ департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Бекболат Мейрамбеков нақты 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ал АБЭКП-нің арнайы департаментінің бұрынғы басшысы Ұлан Мәдіев 4 жылға сотталды.
Анықтама:
2023 жылғы 11 желтоқсанда KazTAG агенттігі Қайрат Қожамжаровтың бұрынғы қарамағындағы қызметкері – Ұлан Мәдіевтің азаптау күдігімен ұсталғанын хабарлаған болатын. Осы оқиға «Хоргос ісінің» қайта қозғалуына түрткі болды. Мәліметтерде Мәдіевпен бірге Қожамжаровтың тағы бірнеше сенімді адамы – экс-қызметкер Талғат Тәтібаев, Алматы облысы бойынша департаменттің бұрынғы басшысы Сергей Потанин және Алматы қаласы бойынша экс-басшысы Мәқсат Дүйсенов те аталған. Олар контрабандалық схемалардан пайда көрген деген күдікке ілінді. Ал Қожамжаровтың өзі бұл қылмыстық жүйелердің басты бенефициары ретінде көрсетіледі.
2023 жылғы 15 желтоқсанда тергеу қайта басталғаны ресми расталды. 2024 жылғы 9 қаңтарда Қожамжаровтың тағы бір бұрынғы бағыныштысы – Алматы қаласы қаржы полициясының экс-қызметкері Кенжебай Жұмабековтің де ұсталғаны белгілі болды. Ол қаржы полициясының тағы бір атышулы адамы – Талғат Махатовтың жақын досы саналады. Айта кетсек, Махатов «Время» газетінде жарық көрген материалда Алматы қаласы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Нұрлан Аманбекпен байланыста болғаны айтылған.
Мәдіев ұсталардан сәл бұрын KazTAG агенттігі бұрынғы Наурызбай аудандық прокуроры Виктор Тихоновтың – Жоғарғы сот тарапынан ақталғаннан кейін – Қожамжаровтың бағыныштылары атышулы куәнің өліміне қатысы болуы мүмкін деген нұсқаны алға тартқанын жазды. 2024 жылғы 11 қаңтарда бұл қылмыстық іс бойынша жаңа мәліметтер жарияланды.
2024 жылғы 1 наурызда Қожамжаровтың бұрынғы қызметкерлері «Хоргос ісіне» қатысты кінәсін мойындағаны белгілі болды. 9 сәуірде Нұрлан Аманбектің ҰҚК қызметкерлеріне көмектесіп, атышулы Махатовпен байланыста болғаны анықталды. Ал 29 наурызда оған қатысты қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған.
2024 жылғы 18 наурызда таможня қызметкері Медет Жамашевтің тапсырыспен өлтірілуіне қатысты істе куәгер Талғат Қарабаев АБЭКП басшылығына берілген пара мөлшерін жария етті. Ол паралар «Хоргос ісі» аясында болған қылмыстар кезінде берілген.
2024 жылғы шілде айында сотта экс-сенатор Қайрат Қожамжаровқа қатысты ашық мәлімдемелер айтылды. Ал 29 тамызда кеден қызметкерінің тапсырыспен өлтірілуі бойынша үкім шықты: «Бетон» лақапатымен танылған Махатов тапсырыс беруші ретінде 20 жылға сотталды. Оның серіктесі, қылмыстың тікелей орындаушысы Ержан Қасымбаев (белгілі «Хуторлықтар» қылмыстық тобының жетекшісі Хасан Қасымбаевтың ағасы) 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
2025 жылғы 8 қаңтарда Махатовқа қатысты жаңа іс сотқа түсті. Ал 9 наурызда екі іс біріктіріліп, бір өндірісте қаралатын болды.
26 ақпанда KazTAG Қожамжаровтың азаптау арқылы ҰҚК қызметкерлеріне қарсы жалған куәлік алмақ болғанын хабарлады. 8 наурызда Бас прокуратура осы азаптау істеріне байланысты Қожамжаровтың аты аталатынын растады.
19 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Биғайдаров қазіргі «Антикордың» Қожамжаров басқарған финполға еш қатысы жоғын айтты.
21 наурызда Қожамжаровтың экс-бағыныштысына қатысты азаптау айыбымен қозғалған іс қайта тергеуге жіберілгені хабарланды. «Время» газетінің мәліметінше, Қожамжаровтың кей экс-қызметкерлерін ақтау үшін 10 миллион шетел валютасы көлемінде пара берілген болуы мүмкін.
22 сәуірде азаптау ісін бұған дейін ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевты өзінің азаматтық жұбайы Салтанат Нүкенованы аяусыз өлтіргені үшін соттаған судья Айжан Күлбаева қарап жатқаны белгілі болды.
Фото дереккөзі: parlam.kz