Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

«Ядролық қақтығыс болуы мүмкін»: Түркия соғысты тоқтата ала ма?

41
Өмір адамға қилы сипаттағы тәлім береді. Кейде олар өте маңызды, тіпті, тағдыршешті де болып келеді. Ал кейде еш маңызы жоқ, ұсақ-түйек нәрсе болып та саналады. Орыс-украин, құдыс-жебірей арасындлағы соғыс жұртты қажытқаны да рас. Осындай «құнсызданған» ақиқаттардың бірі – басқалардың шағымдануына құлақ аспау туралы достық кеңес болып табылады. Адамдар көбінесе мұны жеке бас мүддесі үшін жасайды. Оның үстіне, бұл әділетсіздік пен өмірдің қиыншылықтары туралы орынсыз айқайлап, өңеш жырту. Өңеші жыртылған АҚШ пен Батыстың сөзіне жаһан жұрты сенуден қалды. Түркия СІМ басшысы: «Украинадағы қақтығыстың ақыры ядролық қаруды пайдалануға әкелуі мүмкін», - деген сөз айтты. Толық тоқтала кететін болсақ: «Жалғасып жатқан соғыстың бағасы өңір мен бүкіл әлем үшін өте жоғары. Бұл тәуекел өсуі және географиялық тұрғыдан да таралуы мүмкін. Күн тәртібіне ядролық қаруды қолдану мүмкіндігі туралы мәселе қойылуы мүмкін», - деп мәлімдеді Түркия СІМ басшысы Хакан Фидан. Ол 11 маусымда Мәскеуде РФ президенті Путинмен кездесу барысында оған түрік көшбасшысы Ердоғанның: «Украина қақтығысын реттеу мәселесі бойынша» жолдауын жеткізгенін атап өтті. «Біз сұхбаттастарымызға Украинада бейбітшілік қажет екенін және РФ белгілі бір позицияны ұстануы керектігін жеткіздік. 2 күннен кейін Путин РФ соғысты тоқтатуы тиіс жағдайларды атап өтті. Путин мұны білдіргені маңызды», - деп атап өтті министр. Путин: «Ресей Украинамен Ыстамбұл және Минск базасында келіссөздер жүргізуі мүмкін», - деуден танбай келеді. Бірақ, Птуиннің қойған шарты - таңдауы жоқ талап. Украина ол талапты орындамайтынын ашық айтты. Осыған орай Түркия СІМ басшысы: «Украина бойынша конференция РФ-ның қатысуымен нәтижелі болар еді», - деп Түркия РФ мен Украинаға жаңа бейбіт шарт жобасын ұсынбақ. Бұл туралы да Түркия СІМ басшысы Хакан Фидан мәлім етті. Mezgil.kz