Бүгін бірыңғай уақыт белдеуін жою туралы іс бойынша соттағы пікірталас өтті. Шағымды ШҚО-ның заңгері Серікжан Ахметжанов берген, деп хабарлады BES.media. Оның айтуынша, өңір тұрғындары табиғи уақыт белдеуінде өмір сүру мүмкіндігінен айырылған. Ол бұл жағдайды кемсітушілік деп атап, халықтың пікірі ескерілмей отырғанын алға тартып, уақытты бұрынғы қалпына қайтаруды талап етті.
Өз кезегінде үкімет өкілдері соттан талапты қанағаттандырмауды сұрады. Судья шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетті. Алайда барлығымыз нәтижесінің қандай болатынын түсінеміз.
Заңгер Серікжан Ахметжанов бұған дейін де әкімшілік сотта бұл шешімге қарсы шағым түсірген болатын, бірақ нәтиже шықпаған еді.