Астана әкімдігі қаладағы ақылы автотұрақтарды толықтай мемлекетке қайтарды.
Осы уақытқа дейін бұл бизнес Назарбаевтың тұсында АП-ны басқарған, "Нұр Отанның" бірінші орынбасары болған, Астана қаласының экс-әкімі Әділбек Жақсыбековтің иелігінде болып келді.
Жақсыбеков иелік еткен компания жүргізушілерден "парковкіге" ақша алғаны болмаса, ешқандай жауапкершілік арқалаған жоқ.
"2021-2024 жылдары астаналықтар ақылы автотұрақтарға 726 миллион ақша төлесе, соның 617 миллионы жекеменшік компанияның қалтасына кеткен", - дейді мәжілісмен.
Жақсыбековтың компаниясын "ауадан ақша жасаудың" жарқын мысалы деуге әбден болады. Дәл осындай жағдай Алматыда да болған. Ол кезде Қайрат Боранбаевқа тиесілі A-Parking компаниясы мемлекет меншігіне қайтарылған еді.
Жақсыбеков талай жыл бойы экс-президенттің сенімі серігі болды.
Назарбаевтың жиені Айсұлтан Әлиев өлерінің алдында: "Президент айналасында осындай адамдардың жүргені және олардың елді жаппай бақылауға алғысы келетіні жиіркенішті. Шексіз билігі бар мұндайлар елдің болашағына қауіпті" деп жазғаны есімізге түсіп отыр.