Munarmedia.kz. 21.10.2025 /Астана/
Жаңа зерттеулер көрсеткендей, жасөспірімдер әлеуметтік желілерге деген көзқарасын қайта қарауда. Pew Research институтының мәліметтеріне сәйкес, Z және Альфа ұрпағы платформалар мен брендтерге бұрынғыдай сеніммен қарамайды.
Exclusive.kz мәліметіне сүйенсек, жасөспірімдердің шамамен жартысы (48%) достарына әлеуметтік желілердің кері әсер ететінін байқайды деп санайды. Ал 45% өздерінің онлайнда тым көп уақыт өткізетінін мойындайды. Көпшілігі белсенді желі пайдалануды ұйқының бұзылуы, психикалық денсаулық пен оқу үлгеріміне кері әсері бар деп байланыстырады.
Зерттеушілердің айтуынша, қазіргі жас ұрпақ агрессивті және беталды контентке сенімін азайтып, оның орнына мәнді ақпарат, тыныштық және шынайылық іздейді.
Эксперттер брендерге өз тәсілдерін қайта қарауға кеңес береді. Қазір аудиторияға әділетті және мәнді мазмұн маңызды: фотосуреттер, видеолар және посттар тек лайктар жинау үшін емес, нақты идеяны жеткізуі тиіс. Сонымен қатар, эмпатия мен қамқорлық көрерменге жақсырақ қабылданады, ал пафос пен көріністік шоулар сенім тудырмайды.
«Жас ұрпақ қазір жалған жарнаманы емес, шынайы мән мен сапаны іздейді», – дейді сарапшылар.
Бұл үрдіс әлеуметтік желілердің болашағына әсер етеді: платформалар тек көңіл көтеру мен тренд емес, қоғамға пайдалы және жауапты контентке көңіл бөлуі қажет.