«Оның (Путиннің) таңдауы бар. Трамп командасы да, менің командам да, еуропалықтар, соның ішінде Макрон және басқа да лидерлер, Ердоған да барлығымыз, кездесуді Түркияда, Сауд Арабиясында, Катарда, бейтарап Еуропада – мысалы, Австрияда, Швейцарияда өткізуді ұсындық. Тіпті қаласаңыздар Қазақстанда кездесейік дедік», – деді Зеленский сәрсенбі күні Fox News арнасына берген сұхбатында.
Зеленский дәл қазір кездесуге дайын екенін атап өтті.
«Мен оны Киевке шақырған жоқпын. Тек «егер ол менімен кездескісі келмесе…» дедім. Ол мені Мәскеуге шақырады. Бұл тек кездесуді кейінге қалдыру үшін жасалаған амал. Бар болғаны сол», – деп түсіндірді Зеленский.