2025 жылдың 7 мамырында Астанада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне орай әскери парад өтетіні белгілі болды.
Негізгі шаралар:
* 7 мамыр – Астанада өтетін әскери парад мерекелеудің басты оқиғасы болмақ. Оның мақсаты – қазақстандықтардың Жеңіс туралы естелігін сақтау, Отанды қорғаудың маңыздылығын көрсету және халықтың ерлік дәстүрлерінің сабақтастығын атап өту.
* 9 мамыр – Веноктар мен гүл қою рәсімі:
Астанадағы «Отан қорғаушылар» монументіне ел басшылығының қатысуымен;
Қазақстан өңірлеріндегі ескерткіштер, монументтер және бауырластар зираттарына;
Шетелдегі жерлеу орындарына.
Сондай-ақ, Жеңіс күні өңірлердің орталық алаңдарында мерекелік отшашулар ұйымдастырылады.
📸 Фото: akordakz