Munarmedia.kz. 28.06.2025 /Астана/-Қазақстанда кең-байтақ жер болғанымен, мал жаюға жер табылмай отырғаны — ауыл шаруашылығы саласының шешілмеген түйіні. Осыдан он жыл бұрын Ауыл шаруашылығы министрлігі ет өндірісін дамытудың негізгі кедергілерінің бірі — жайылым жетіспеушілігі екенін айтқан еді. Жерді бақылаусыз сату нәтижесінде, ауыл тұрғындары малын бұрынғыдай жайып отыра алмай қалды. Үкімет арнайы заң қабылдағанымен, жағдай өзгермеді. Министрліктің өзі осы мәселені он жылдан бері шеше алмай отыр. Себебі жер реформалары, заң жобалары және министрлік басшылары жиі ауысып, басталған жұмыс орта жолда тоқтап қалады. Ал ауыл тұрғындары болса, әлі күнге дейін бос жатқан жайылымға малын шығара алмай отыр.
Жер бар жайылым жоқ
