Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Жетісу облысында әкім тұрғынға жоқ үйдің кілтін табыстаған

72




Үйдің кілтін балабақша тәрбиешісі Галина Деминаға Кербұлақ ауданының әкімі Қанат Есболатов берген. Тіпті басшы баспана бағасы 8,7 миллион теңге екенін айтқан. Үйлі болғанына қуанған әйелдің, бақыты ұзаққа созылмады. Себебі кілт тек кәдесый ретінде беріліпті.

Әйелдің сөзінше, мерекелік іс-шарадан соң әкімдік үй жоқ екенін айтқан. Бастапқыда 8,7 миллион теңге деген әкім, кейіннен 3,8 миллион теңгеге тұрғын үй табуды ұсыныпты. Әйел бүкіл ауылды аралап, мұндай ақшаға баспана таба алмадым дейді.

Әкімдік тұрғын үй мәселесін шешіп беруге уәде беріпті. Дегенмен одан екі апта өтсе де ат ізін салмаған. Қазір Галина апаттық үйде тұрып жатыр.