Жетісу облысында Қазақстаннан 700 тонна стратегиялық металды шекарадан заңсыз шығаруға жасалған әрекет тоқтатылды.

46

Munarmedia.kz. 29.06.2025/Астана/- «Almaty News» мәліметінше, полиция мен прокуратура қызметкерлері рұқсат құжаттарынсыз түсті металл қабылдап, өңдеумен айналысқан компанияны анықтады. Олар жалған деректер енгізу арқылы бірнеше мәрте металлды шетелге шығармақ болған. Кәсіпорын аумағынан 600 тоннадан астам қорғасын мен 100 тоннадан астам алюминий тәркіленді. Сондай-ақ жасырын металл балқыту цехы мен зертхана анықталып, заңсыз еңбек мигранттары ұсталды. Қазір қылмыстық схема бенефициарларын анықтау бойынша тергеу жүріп жатыр.