Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Жол ережелеріне енгізілген өзгерістерге журналистің сыни пікірі

36




"Жол ережелерінің өзгергені рас па? Енді автобандарда екі камера арасындағы жылдамдықты асырып жіберсеңіз, камера бәрін есептеп, айыппұл салады екен. Бұл тағы қандай “ноу-хау?” – деп сұрақ қояды журналист Тоқтар Жақаш.

Журналистің пікірінше, Қазақстандағы жақсы жолдардың бәрі дерлік ақылы, және бұл үшін халық әлдеқашан төлем жасап келеді. Енді бұл ақылы жолдар айыппұлмен де жазалайтын болды. "Мұндай ақылға сыймайтын нәрсе Еуропада жоқ. Ол жақта 100-150 шақырым жүрсең, басқа мемлекетке өтіп кетесің. Еуропадағы ақылы автобандарда да камералар бар, бірақ олар айыппұл үшін емес," – дейді автор.

Қазақстанда жағдай басқаша. Қалааралық қашықтық орта есеппен 400-500 шақырымды құрайды. Ақылы автобандардағы жылдамдық шектеуі 110 км/сағ болғанымен, елді мекендерге жақындағанда 50-40 км/сағ-қа дейін төмендейді.

Журналист мысал ретінде Қордай асуындағы жағдайды атап өтеді. Сол маңдағы адам тұрмайтын, елсіз далада "60 км/сағ" белгісі қойылған, ал сол жерден жол полициясы жиі кезігеді. "Бұл айқын табыс көзіне айналған схема," – дейді ол.

Автордың айтуынша, мұндай шектеулер тек уақытты емес, халықтың қаржысын да зая кетіреді. "Алматыдан таңертең шыққан көлік Шымкентке тек кешке әрең жетеді," – деп шағымданады ол. Сонымен қатар, автор автокөлікке қатысты енгізілген жаңа шектеулерді де сынға алады. Үкімет арзан көлік алу үшін шетелден әкелінетін автомобильдердің жолын жауып, автодилерлердің мүддесін қорғап отыр.

"Мұндай қарқынмен, жақын арада қазақстандықтарға көлік мінудің өзі арман болып, жаяу жүруге тура келетін күн туатын сияқты," – деп түйіндейді журналист Тоқтар Жақаш.