Адамның жиі-жиі несие алуы оның жақсы табыс табатынын көрсетеді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді деп жазады Ertenmedia.
"Тұтынушылық кредиттің өсуі халықтың жағдайын көрсетіп жатыр. Себебі, ол (халықта) қаражат бар деген сөз. Біреуі ертең қалай төлеймін деп несиені ойланбай алуы мүмкін. Ол да бар", - дейді Бектеновтың орынбасары.
"Адам үйіп-төгіп несие алатын болса, бұл оның қарызды қайтаруға табысы да жеткілікті дегенді білдіреді", - дейді ол.
"Kaspi Red? Ал енді бұл туралы ойлану керек. Қазақстанда 12 млн адамға тегін медициналық көмек беріледі. Адамдар неге сол көмекті пайдаланбай, несиеге дәрі алады? Бәлкім, бұл жерде әңгіме басқа дәрі-дәрмек туралы шығар", - дейді Жұманғарин.