Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Журналист Айдос Садықов Киевте қайтыс болды

42
Журналистке 18 маусымда Киевте оқ атып, қастандық жасаған еді. Содан бері ол ауруханада жатты. Әйелінің айтуынша, Киев уақыты бойынша 2 шілде сағат 3-те ол жан тапсырды. “Менің сүйікті жарым, үш баламыздың әкесі, қазақтың біртуар перзенті. Айдос Қазақстан үшін жанын беріп, қанішерлердің қолынан шейіт болды. Айдос он үш күн бойы жансақтау бөлімінде өмір үшін күресті, бірақ ғажайып нәрсе болмады. Оның өлімі Тоқаевтың ұятында”, – деді Айдос Садықтың әйелі Наталья Садық. Айта кетсек, Айдос Садықов пен оның әйелі журналист, 2014 жылдан бері Украинада тұрады және босқын мәртебесіне ие. Онда ерлі-зайыптылар 1 миллионнан астам жазылушысы бар Бәсе оппозициялық YouTube арнасын ашты.