Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

АҚШ қаржы министрлігі "Гарпия" дронын шығаруға атсалысқан ресейлік және қытайлық үш компанияға санкция салды

61


Олар: Қытайда орналасқан Xiamen Limbach Aircraft Engine (Limbach) және Redlepus Vector Industry (Redlepus) компаниялары, ресейлік TD Vector фирмасы мен оның директоры Артем Ямщиков.

🇨🇳
🇷🇺

 АҚШ мәліметінше, қытайлық Limbach компаниясы "Гарпия" дронына арналған L550E қозғалтқышын өндіреді, ал Redlepus ресейлік TSK Vektor компаниясымен қорғаныс саласында әріптестік орнатқан.

Соңғы аталған компания "Алмаз-Антей" корпорациясына еншілес кәсіпорын – "Купол" Ижевск электрмеханика зауыты мен қытайлық тасымалдаушылар арасында делдал қызметін атқарады.

Reuters-тің жазуынша, "Гарпия-3" дронын "Купол" зауыты қытайлық мамандар көмегімен шығарған.

Басылым дереккөздерінің хабарлауынша, "Гарпия" дрондарын Ресей Украинаның әскери және азаматтық нысандарына және маңызды инфрақұрылым нысандарына соққы жасауға пайдаланған.