Munarmedia.kz-23.11.2026ж/Астана/-Қазақстанда бастапқы жарнасы 10 пайыздан басталатын жаңа жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасын іске қосу мәселесі қарастырылып жатыр.
Жаңа бағдарламаның тетігі нарықтық талаптармен тартылатын қарыз қаражатын пайдалануға негізделмек. Яғни тұрғын үй алуға берілетін қаржыландыру нарықтық ресурстар есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
Бағдарлама «Отбасы банкпен» бірлесіп әзірленуде. Оны жүзеге асыруға Қазақстанның тұрғын үй компаниясы мен екінші деңгейлі банктерді де тарту көзделіп отыр.
Әзірге бағдарламаның нақты қашан іске қосылатыны, несие мөлшерлемесі, мерзімі және оған қатысу талаптары жарияланған жоқ.
#Қазақстан #ТұрғынҮй #ОтбасыБанк #Ипотека #Баспана #ЖаңаБағдарлама #MunarMedia





