Munarmedia.kz-23.11.2026ж/Астана/-

Қазақстан Парламентінің депутаттары балалардың әл-ауқатын бағалау индексінің объективтілігіне күмән келтірді. Олардың пікірінше, бұл көрсеткішке Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижелері мен оқушылардың оқу үлгерімін енгізу қаншалықты орынды екені түсініксіз.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, 2026 жылы балалардың әл-ауқаты индексіне төрт жаңа көрсеткіш қосылған.

Олар:

  • балалар арасындағы мүгедектік көрсеткіштері;
  • отбасындағы құқықбұзушылықтар;
  • ата-аналардың жауапкершілігі;
  • репродуктивті денсаулық мәселелері.

Министрдің түсіндіруінше, білім сапасына қатысты көрсеткіштер бұл индекске 2022 жылдан бері енгізіліп келеді.

Алайда депутаттарды ҰБТ нәтижелері мен мектептегі үлгерімнің баланың жалпы әл-ауқатын бағалауға қаншалықты әсер етуі керектігі алаңдатып отыр.

Мәселе балалардың өмір сапасын бағалауда білім жетістіктерімен қатар олардың қауіпсіздігі, денсаулығы, отбасындағы жағдайы мен әлеуметтік ортасы қаншалықты ескерілетініне қатысты болып отыр.

#Қазақстан #БалаларҚұқығы #Білім #ҰБТ #ОқуАғартуМинистрлігі #БалалардыңӘлАуқаты #MunarMedia