Munarmedia.kz-23.11.2026ж/Астана/-Қазақстан Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл комитетінің бұрынғы төрағасы Данияр Мейрхан қарамағындағы қызметкерді интимдік қатынасқа мәжбүрлегені үшін кінәлі деп танылды. Сот оған 6,4 миллион теңге көлемінде айыппұл салған. Бұл туралы қазақстандық БАҚ хабарлады.

2026 жылдың көктемінде Мейрхан қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану және қызметкеріне жыныстық сипаттағы қысым көрсетуге қатысты қылмыстық істер туралы ақпарат тарағаннан кейін қызметінен шеттетілген болатын.

Полковникке қатысты сот отырыстары жабық режимде өткен. Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, іс материалдарында жәбірленуші мен куәгерлердің жауаптары, нотариус куәландырған хат-хабарлар және маманның қорытындысы болған.

Журналистің дерегіне сүйенсек, 2025 жылдың сәуірі мен қарашасы аралығында полиция полковнигі қарамағындағы әйелді жұмыс орнында сексуалдық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеген. Жәбірленуші жұмыстан шығарылудан қорқып, психологиялық қысым көргенін айтқан.

Ал сотталушы өз кінәсін мойындамаған.

Әзірге сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Данияр Мейрхан алаяқтыққа қатысты тергеу ісінде де аталған болатын. Алайда кейін бұл іс тоқтатылған.

#Қазақстан #ІІМ #ДаниярМейрхан #Сот #Жемқорлық #ҚұқықҚорғауОргандары #MunarMedia