АҚШ-та шетелдік мамандарға арналған H-1B визасының 100 мың долларлық алымы ұзартылды

9

Munarmedia.kz.19.09.2026.ASTANA.АҚШ президенті Дональд Трамп H-1B визасына қатысты 100 мың доллар көлеміндегі алымды енгізуге бағытталған жарлықтың қолданылу мерзімін тағы бір жылға ұзартты.

H-1B визасы америкалық компанияларға шетелден білікті мамандарды, соның ішінде IT және технология саласының қызметкерлерін жұмысқа тартуға мүмкіндік береді.

Reuters мәліметінше, бұған дейін мұндай визаларға байланысты төлемдер әдетте 2–5 мың доллар аралығында болған. Ал жаңа талап жұмыс берушілердің шығынын едәуір арттыруы мүмкін.

Бұл бастамаға қатысты АҚШ-та сот процестері жүріп жатыр. Бостондағы федералдық судья бұған дейін алымды көтеру туралы шешімді заңсыз деп таныған. Қазір мәселе апелляциялық сотта қаралуда.

Бизнес өкілдері H-1B бағдарламасы жоғары білікті мамандарды тартуға көмектесетінін алға тартса, сыншылар оның америкалық қызметкерлердің еңбек нарығына ықпалына назар аударады.

Жаңа шешімнің технологиялық компаниялардың кадр саясатына және шетелдік мамандарды жұмысқа қабылдау тәртібіне әсер етуі мүмкін.

Дереккөз: Reuters.

#АҚШ #H1BВизасы #ДональдТрамп #ЕңбекНарығы #ITМамандары #Munarmedia