Ақтөбеде әлеуметтік құқықтар мен демократиялық реформаларды қолдауға арналған митинг өтеді

87


Munarmedia.kz.16.10.2026.ASTANA-3 желтоқсанда Ақтөбеде азаматтардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау, мүгедектігі бар адамдарды қолдау және демократиялық реформалар жүргізу мәселелеріне арналған бейбіт митинг өтеді.

Акцияны құқық қорғаушы Мұсағали Дауылов ұйымдастырады. Митинг өткізуге қала әкімдігі ресми түрде келісім берген.

Соңғы жылдары Қазақстанда митинг өткізуге келісім алу сирек кездесетін жағдайға айналған. Көп жағдайда ұйымдастырушылардың өтініштері қанағаттандырылмайды.


#Ақтөбе #Митинг #ӘлеуметтікҚұқықтар #МүгедектігіБарАдамдар #ДемократиялықРеформалар