Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Болашақтан өткенге ұшқан рейс

76


Тынық мұхиты арқылы өтетін бір рейстің жолаушылары 2025 жылы ұшып шығып, 2024 жылы қонды. Бұл ерекше жағдай рейстің тоғыз уақыт белдеуін және халықаралық күн ауысу сызығын кесіп өтуіне байланысты болды деп жазады New York Post.

Cathay Pacific әуе компаниясының 880-рейсі Гонконгтан 2025 жылдың 1 қаңтары басталғаннан бірнеше минут өткен соң ұшып шықты.

Ұшақ шамамен 14 сағаттық әуе сапарынан кейін межелі жеріне жеткенде, жолаушылар уақытқа саяхат жасап, өткен жылға оралды – Лос-Анджелеске 2024 жылдың 31 желтоқсаны, сейсенбі күні, жергілікті уақыт бойынша шамамен кешкі 22:00-де қонды.

Рейс Тынық мұхиты үстінде халықаралық күн ауысу сызығын кесіп өткенде, 2024 жылға қайта оралды.