Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Ғалымдар рейтингі нашар зауыттарды жол салуға жолатпауды талап етті

38
Аудит нәтижесінде зауыттардың көпшілігінде материалдарды бақылау реттелмегені, дайын өнімнің есебі дұрыс жүргізілмегені, бастапқы материалдарда зертханалық бақылаудың жоқтығы және басқа да кемшіліктер анықталды. «Қазір әр асфальтбетон зауыты арнайы RCMbase.kz жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың бірыңғай цифрлық порталына енгізілген. Тексеріс нәтижесінде әр зауытқа рейтинг берілді: ең аз – 3 жұлдыз (базалық талаптарға сәйкестік), ең көбі – 5 жұлдыз (қазіргі заманғы зауыт, өзінің сынақ зертханасының болуы)», - деді «ҚазжолҒЗИ» АҚ-ның жаңа технологиялар басқармасының басшысы Қайрат Мұхамбетқалиев. Осылайша, жол құрылысына тапсырыс берушілер RCMbase.kz порталынан еліміздегі асфальтбетон зауыттарының дәрежесін көре алады. Соған сәйкес рейтингісі төмен немесе асфальт шығару өндірісі ұйымдастырылған, зертханалық бақылауы бар, жалпы дәрежесі әрі сапасы жоғары зауытты таңдай алады. Бағалаудың болмауы – тапсырыс берушіге, техникалық қадағалау инженеріне, тексеруші органдарға зауыттың сапасына күдікпен қарауға түрткі болады. Асфальтбетон зауыттарын тексеру тұрақты негізде жүргізіледі. Бұл өз кезегінде шығарылатын өнімнің, сондай-ақ қазақстандық жолдардың сапасын арттыруы тиіс. Бұл тәсіл жол-құрылыс материалдары өндірілетін карьерлерге де қатысты қолданылды. Карьерлер асфальт дайындауға және жолдардың негізгі қабаттарында қолданылатын материалына қарай екіге бөлінеді. Әр материалдың стандарттарға сәйкестігіне нақты талаптар қойылады. Арнайы тексеріс қорытындысына сәйкес, 2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша RCMbase.kz базасының картасына еліміздің 12 аймағындағы 189 карьер енгізілді, онда жол-құрылысына қажет материалдың 300-ден астам түрі өндіріледі. Жыл соңына дейін порталға Қазақстанның барлық қолданыстағы карьерлерін енгізу көзделген. Автожолдардың сапасы – қолданылатын жол құрылыс материалдарының сапасына, қоспаларды дұрыс іріктеуге (битум, қиыршық тас, минералды ұнтақ, полимерлі қоспалар және т.б.), сондай-ақ өндіру технологияларының сақталуына тікелей байланысты.