Munarmedia 06.01.2025 /Астана/ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми сайтында министр Серік Жұманғариннің жұбайы Сания Садықова мен ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаевтың жұбайы Гүлнұр Дарбаеваның табыстары туралы мәліметтер жарияланды.
Ресми ақпаратқа сәйкес, 2024 жылы Сания Садықованың жылдық кірісі 88 млн 678 мың 984 теңгені құраған. Көрсетілген сома бағалы қағаздар нарығына салынған инвестициялардан түскен табыс, яғни алынған дивидендтер мен сыйақылар ретінде тіркелген.
Ал ұлттық экономика вице-министрінің жұбайы Гүлнұр Дарбаеваның 2024 жылғы табысы 69 млн 605 мың теңге болған.
Айта кетейік, аталған деректер уәкілетті органның ашықтығын қамтамасыз ету және қоғамды ақпараттандыру мақсатында жарияланған.