Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Мұғалімнің атынан 9 млн теңге кредит рәсімдеген

14



Оқиға Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданында болды. Алаяқтар 54 жастағы мұғалімнің атынан төрт бірдей банктен несие рәсімдеген. Сөйтіп оны 9 млн теңге шығынға қалдырған.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 190-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. 

📌Еске салайық, алаяқтар Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен банктің қауіпсіздік қызметінің мамандарымыз деп өздерін таныстырып, азаматтарға хабарласады. Олар жәбірленушілердің есепшоттарын қорғаймыз деген сылтаумен қаржысын иемденіп кетіп жатыр.

❗️Облыстық полиция департаменті тұрғындарға абай болу керектігін, банктік карта деректерін, құпия сөздер мен SMS арқылы келетін растау кодтарын телефон арқылы ешкімге айтпау керектігін еске салады.