Munarmedia.kz. 05.08.2026. ASTANA – Өзбекстан мен Қырғызстан мемлекеттік шекараны делимитациялау жөніндегі келісімдер аясында бірқатар елді мекендер мен жер телімдерін өзара беру рәсімін бастады.
Ресми мәліметке сәйкес, Өзбекстан тарапы этникалық қырғыздар басым тұратын Чон-Гара және Таш-Дөбө ауылдарын Қырғызстанға береді.
Өз кезегінде Қырғызстан тарапы Өзбекстанға көлемі жағынан тең келетін жер учаскелерін табыстайды. Аумақ алмасу екі ел арасында бұған дейін қол жеткізілген шекара мәселелерін түпкілікті реттеу жөніндегі келісімдер негізінде жүзеге асырылып жатыр.
Тараптардың пікірінше, бұл қадам қазақ-өзбек емес, өзбек-қырғыз мемлекеттік шекарасын толық айқындауға, шекара маңындағы тұрғындардың тұрмысын жақсартуға және өңірлік тұрақтылықты нығайтуға ықпал етеді.
#MunarMedia #ASTANA #Өзбекстан #Қырғызстан #Шекара #АумақАлмасу #ОрталықАзия