Munarmedia.kz-27.11.2026ж/Астана/-Армения премьер-министрі Никол Пашинян Ресей шекарашыларын ел аумағынан толық шығару жоспары бар екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол брифинг барысында айтты.

Қазіргі уақытта Ресей шекарашылары Арменияның Түркиямен және Иранмен шекаралас учаскелерін күзетіп тұр.

Пашинянның мәлімдемесі Арменияның шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін өз бақылауына алуға бағытталған қадам ретінде бағалануы мүмкін.

#Munarmedia #Армения #Пашинян #Ресей #Саясат #Кавказ #Шекара