Munarmedia.kz-27.11.2026ж/Астана/-Сот қоғам белсендісі Санжар Бокаевты орташа қауіпсіздік мекемесінде 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Судья Жанат Әбенова оны Қылмыстық кодекстің төрт бабы бойынша кінәлі деп таныды. Атап айтқанда, алаяқтық, ұрлық, көрінеу жалған ақпарат тарату және ағаштарды заңсыз кесу баптары бойынша айып тағылған.

Ал қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру бабына қатысты қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі өтуіне байланысты ол жауапкершіліктен босатылды.

Бокаевтың бір эпизод бойынша айыпталған жиені Мадияр Қалменов 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ол да орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтейді.

Ал видеограф Ұлан Нүсіпқожа кінәлі деп танылып, оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

#Munarmedia #СанжарБокаев #СотҮкімі #Қазақстан #ҚылмыстықІс #Заң #Сот