Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Президент Қаржаубай Сартқожа ұлының отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

46

 Мемлекет басшысы академик, белгілі түркітанушы Қаржаубай Сартқожаұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті тарихшы, этнограф ғалым, шығыстанушы, «Құрмет» орденінің иегері, академик Қаржаубай Сартқожаұлының дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

– Қаржаубай Сартқожаұлы бар саналы ғұмырын түркі дүниесінің тарихын түгендеуге, ұлт руханиятының көкжиегін кеңейтуге арнаған зерделі ғалым болды. Ғылымға шын берілген қарапайым болмысымен бітіктас білгірі атанды. Іргелі еңбектер жазып, ұлағатты ұрпақ тәрбиеледі. Қарымды қаламгер ретінде оқырман қауымға ойлы шығармалар ұсынды. Соңына рухани мол мұра қалдырған Қаржаубай Сартқожаұлының жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады.
Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.