“Елім-ай” футбол клубы Қазақстан Кубогында есе жіберіп, жарыстан тыс қалды. Сол ойында төрешілерге біраз сұрақтар бар еді. Жарайды өтті-кетті. Нәтижесінде Ақтөбе футбол клубы Қазақстанның Кубогы иегері болды", - деп жазады, Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза.
"Енді Қазақстан Чемпионатына келсек, сол жартас баяғы жартас тас. Төрешілердің бүйрегі бұру байқалғандай. Қазір Қазақстан Чемпионатында Семейдің “Елім-ай” клубы бірінші орында. Алайда Чемпионат өз мәресіне жақындаған сайын төрешілердің қателіктері үдее түсетіндей болып көрінеді.
Сонымен қатар, “Елім-ай” футбол клубы Қазақстан Футбол Федерациясына: “УЕФА төрешісін алдырып, 20-шы Қазанда болатын маңызды деген “Елім-ай” - “Астана” ойынына төрешілік етсе” деген тілек білдірді. Европа төрешілерінің Қазақстанға келуі - ол бір 90 минуттық іс емес. Ол біздің жас төрешілерге көзбе-көз үйренуге, Европа стандарттарына бой түзеуге және Fair Play ойынына тағы бір қадам жақындауға мүмкіндік берер еді.
“Елім-ай” клубының жанкүйері ретінде уайымдаймын. Енді-енді есін жиған Семейге қиянат жасап жібере ме деген ой. Жалпы Қазақстан футболында төрешілер реформасы қажет-ақ. Әділетсіз қарсыласты жығып беруге қарсымын, алайда көпекөрнеу белден басуды қою керек сияқты … Өз ойым" - делінген, жазбада.
Шынында да отандық футбол былықтардан арылмай келеді. Төрешілік пен легионерлер тартудағы жемқорлық мәселесі талай айтылды. Небір түсініксіз агенттер, Ресейден келіп футболды басып алған функционерлер тақырыбы күн тәртібінен түспей отыр. Ал футбол сапасына, отандық таланттарды тәрбиелеуге ешкімнің бас қатырмайтындығы, жаны ашымайтындығы байқалады.
https://t.me/dalainside