Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Қазақ садақшылары әлем кубогі кезеңінде аралас сайыстан алғаш рет чемпион атанды

24
Спортты дамыту дирекциясынан мәлім еткендей, қазақстандық жұп финалда Ұлыбритания командасынан айласын асырды. Аралас бәсекеде барлығы 24 елдің спортшылары бақ сынады. Италия садақшылары үздік үштікті түйіндеді. Қазақстандықтар соңғы бәсекеде Ұлыбританиядан 158:155 (39:39, 39:39, 40:38, 40:39) есебімен басым түсті. А.Тютюн әлемдік рейтингіде 19-ыншы, ал А.Жексенбинова 51-сатыда еді. Ал ұлыбританиялықтар сапындағы әлем кубогінің 12 мәрте жүлдегері, екі дүркін Еуропа чемпионы Елла Гибсон рейтингіде көш бастаса, Эджей Скотт 75-орында тұрған. Осылайша, қазақстандық дуэт әлем кубогі кезеңінде аралас бәсекеде алғаш рет топ жарды. Андрей Тютюн мен Адель Жексенбинова жұбы санаулы күн бұрын ғана Оңтүстік Кореяда өткен Азия кубогі кезеңінде қола жүлдеге ие болған еді. Жалпы, Қазақстан блоктық садақ атудан өз тарихында әлем кубогының кезеңдерінде екінші рет жүлде алды.Бұған дейін сәуір айында әйелдер құрамасы командалық сайыста қола жүлдегер атанған.