Munarmedia.kz | 25.08.2026 | ASTANA— Қазақстан әуежайларында шетел азаматтарына паспорттық бақылаудан автоматтандырылған терминалдар арқылы өту мүмкіндігін енгізу жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта мұндай терминалдарды тек Қазақстан азаматтары пайдалана алады. Жолаушы паспортын сканерлеп, бет-әлпетінің биометриялық деректері арқылы верификациядан өтеді.
Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, автоматтандырылған бақылау рәсімі 15-50 секундқа созылады. Бұл паспорттық бақылау бекетіндегі дәстүрлі рәсімнен шамамен бес есе жылдам.
Қазір шетел азаматтарын терминалдар арқылы автоматтандырылған бақылаудан өткізуге арналған алгоритмдер әзірленіп жатыр.
Жаңа жүйе енгізілген жағдайда әуежайлардағы паспорттық бақылау рәсімі жеделдеп, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
#Munarmedia #Қазақстан #Астана #Әуежай #ПаспорттықБақылау #Шетелдіктер #Биометрия #АзаматтықАвиация #Цифрландыру #Жаңалық