Қазақстан мектептерінде сабақ кезінде смартфон қолдануға шектеу қойылады

7

Munarmedia.kz | 19.08.2026 | ASTANA— Қазақстан мектептерінде оқушылардың сабақ кезінде смартфон пайдалануына шектеу енгізіледі. Телефонды тек оқу тапсырмаларын орындау үшін қажет болған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова мәлімдеді. Оның айтуынша, мектептер үшін смартфондарды сабақ барысында пайдалануға қатысты бірыңғай талаптар әзірленген.

Сонымен қатар телефондарды сабақ кезінде қайда сақтау және оларды үзіліс уақытында пайдалануға қатысты тәртіпті әр білім беру ұйымы өз бетінше белгілейді.

Атап айтқанда, мектептер бұл мәселеге қатысты барлық ұйымдастырушылық талаптарды өздерінің ішкі ережелерінде бекітеді. Осыған байланысты үзіліс кезінде смартфон пайдалануға жалпыға ортақ бірыңғай тыйым әзірге енгізілмейді.

Жаңа талаптардың негізгі мақсаты — сабақ уақытында оқушылардың назарын оқу үдерісіне шоғырландырып, білім сапасына кері әсер етуі мүмкін алаңдатушы факторларды азайту.

#MunarmediaKz #ASTANA #Қазақстан #Білім #Мектеп #Оқушылар #Смартфон #Цифрландыру #ОқуАғарту #БілімСапасы