Munarmedia.kz.17.10.2026.ASTANA-Қазақстан үкіметі 2027 жылы ең төменгі жалақы мөлшерін көтеру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, бұл мәселе үкімет деңгейінде талқылануда. Алайда әзірге түпкілікті шешім қабылданған жоқ.
Қазіргі бюджет жобасында ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғыдай 85 мың теңге болып белгіленген. Егер оны көтеру туралы ұсыныс мақұлданса, жаңа мөлшер 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілуі мүмкін.
Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері 2024 жылдан бері өзгерген жоқ. Қазіргі уақытта ол айына 85 мың теңгені құрайды.
Ең төменгі жалақының өсуі еңбекақысы төмен азаматтардың табысына тікелей әсер етуі мүмкін. Дегенмен нақты өсім мөлшері мен жаңа көрсеткіштің қандай деңгейде белгіленетіні әзірге белгісіз.
Үкіметтегі талқылаудың қорытындысы жақын арада жарияланады деп күтілуде.