Қазақстанда алаяқтыққа күдікті Оңтүстік Кореяның 14 азаматы ұсталды

65

Munarmedia.kz  01.08.2026 | ASTANA   Қазақстанда алаяқтық мақсатында әрекет еткен колл-орталықтың қызметіне қатысы бар деген күдікпен Оңтүстік Кореяның 14 азаматы ұсталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, аталған азаматтарға қатысты Оңтүстік Кореяның құқық қорғау органдары телекоммуникациялық жүйелерді пайдалану арқылы ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында алаяқтық жасағаны бойынша қылмыстық іс тергеп жатыр.

ҰҚК қызметкерлері күдіктілердің тұрғылықты мекенжайларында тінту жүргізіп, нәтижесінде заңсыз әрекеттерде пайдаланылған компьютерлік техника, ұялы телефондар мен ноутбуктерді тәркіледі.

Ұсталғандар процессуалдық іс-шараларды жүргізу үшін уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кейін оларды Қазақстан аумағынан депортациялау жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жалғасуда.