Munarmedia.kz | 19.08.2026 | ASTANA— Қазақстанда жасанды интеллект саласына маманданған алғашқы жоғары оқу орны жаңа оқу жылынан бастап студенттерді қабылдап, білім беру үдерісін бастайды. Қазақ зерттеу жасанды интеллект университетінде шамамен 600 студент білім алады.
Жаңа университеттің оқу бағдарламалары жасанды интеллект технологияларына негізделеді. Білім беру барысында ИИ-модельдер студенттердің жеке қабілеті мен білім деңгейіне қарай оқу үдерісін дараландыру және жекелендіру үшін қолданылмақ.
Биыл бакалавриат бағдарламаларына 400 студент қабылдау жоспарланған. Оның ішінде 308 талапкер мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқуға мүмкіндік алады.
Сонымен қатар магистратура бағдарламаларына 100 студент қабылданады.
Жасанды интеллектіні басқару саласымен ұштастыратын білім беру бағдарламасына да ерекше мән берілмек. Атап айтқанда, «Самұрық-Қазына» қоры 100 қызметкерін MBA AI+X бағдарламасы бойынша оқуға жібереді. Бағдарлама басқару ісі бойынша білімді жасанды интеллект және заманауи технологияларды меңгерумен ұштастырады.
Жаңа жоғары оқу орнының негізгі мақсаты — жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және басқару бағыттары бойынша білікті кадрлар даярлау, сондай-ақ Қазақстанның технологиялық әлеуетін арттыруға үлес қосу.
#MunarmediaKz #Астана #Қазақстан #ЖасандыИнтеллект #AI #Білім #Университет #Цифрландыру #Технология #Kazakhstan